Жедел-криминалистикалық бөліністердің жұмысын жетілдіру: Қарағанды академиясында республикалық семинар өтті
ҚР ішкі істер министрі Е.Саденовтің тапсырмасы бойынша 31 қаңтар мен 1 ақпанда ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында "Жедел-криминалистикалық бөліністердің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру" тақырыбында екі күндік республикалық семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семинар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адиловтың төрағалығымен ІІМ қызметтерін, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың және ІТ-компаниялардың өкілдерін тарта отырып, ПД жедел-криминалистикалық бөліністері басшыларының қатысуымен өтті.
Семинарда цифрлық криминалистиканың өзекті мәселелеріне, мамандар арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ семинарға қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға назар аударылды.
Іс-шара соңында Санжар Адилов семинарға қатысушыларға сертификаттар табыстады.