Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел саты түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

Жедел саты түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Алатау ауданының полиция қызметкерлері “Алатау сити” тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде жедел саты түймелеріне түкірген адамды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

“Оның заңсыз әрекеттерін бейнебақылау камералары жазып алған. Әкімшілік материалдар дереу әкіммшілік кодекстің екі бабы бойынша жиналды: ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы, 6 бөлігі – төтенше жағдай режимін бұзу. Ал бүгін, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 1979 жылы туылған А. мырза осы құқық бұзушылықтар үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қылмыскер әкімшілік қамауға алынғандар отыратын ПД-нің қабылдап-тарату орнына орналастырылды”, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Бұған дейін құқық бұзушы қатты өкінетіндігін айтып, халықтан кешірім сұраған.

“Ашулы күйімде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А.мырза.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру