Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел уәкілдер көліктен шымкенттік жолаушыға тиесілі есірткі салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі

Түркістан облысында учаскелік инспекторлар есірткіге байланысты 130 қылмыстық істің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары бүгінгі күні есірткі құралдарын заңсыз сақтау және олардың айналымына байланысты 130 теріс қылмыстық істі анықтап, жолын кесті.

Мысалы, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Төлеби ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары ауыл көшелерінің бірінде «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. Көлік ішіндегі құжаттарды тексеру кезінде полицейлер есірткі заттарына ұқсас пакет орамасын тапты.

Оқиға орнына бірден аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты. Автокөлікті тінту кезінде жедел уәкілдер шымкенттік жолаушыға тиесілі есірткі салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 55 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған жайт Төлеби АПБ-нің СДТБТ-де 296-бабы 2-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайларын, сондай-ақ ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағанын анықтау үстінде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру