Жеке меншік секторда жүрген жүк көлігінің жүргізушілері жауапқа тартылды
Жеке меншік секторда жүрген жүк көлігінің жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселе «Ақжар» және «Шұғыла» шағынаудандарындағы Әбділдин, Бекешев, Сабденов көшелері жайында болып отыр, онда жол белгілерінде белгіленген талаптарға сәйкес жүк көлігімен жүруге тыйым салынады.
– Мақсатты шаралар негізінен жеке секторларда жүзеге асырылады, онда ауыр көліктер қозғала алмайды. Бұл учаскелерде тиісті жол белгілері орнатылды, бірақ тәжірибе көрсеткендей, олар көбінесе еленбейді. Бұл жол бойында орналасқан үйлердің тұрғындары үшін үлкен қауіп. Үйлерінің жанында ойнайтын балалар үшін әсіресе қауіпті. Әдетте, жүк көлігінің жүргізушісі, көлік құралының мөлшеріне байланысты, мысалы, ауладан жүгіріп кеткен баланы байқамай, оны қағып кетуі мүмкін. Мұндай үлкен көлікті уақытында тоқтату іс жүзінде мүмкін емес, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Таңертең көрсетілген көшелерде 10 жүк көлігі тоқтатылды, жүргізушілері ҚР ӘҚбК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай рейдтер жалғасуда.