Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеке үйлердің аулаларына ұрлыққа түскен елорда тұрғыны құрықталды

Жеке үйлердің аулаларына ұрлыққа түскен елорда тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында күдікті Қоянды кентінде оңай олжаны көздеп, қылмыстық оймен үйлердің маңайын аралап жүргендігі анықталды.

Күдікті аулалардың бірінің аумағында есігі құлыпталмаған металл контейнерді байқап, ішке кіріп, электр шамын ұрлаған. Іс-әрекеті жазасыз қалады деген оймен, келесі күні ол тағы да «іске» шыққан. Құлыпталмаған гаражды байқаған ол ұқсас жолмен жеке аулаға еркін кірген. Ол жерден бензин құтысын, бұрағышты, болгарка, электр бұрғысын және басқа да құнды құралдарды алып кеткен. Оның осыған ұқсас бес эпизодқа қатысы бары белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді және қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру