Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Железиндік полицейлермен 50-ден аса құқық бұзушылық анықталды

Железин ауданы Полиция бөлімінде ағымдағы жылдың 25 – 27 тамыз күндері өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары үш күн ішінде 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады.

Железиндіктердің басым бөлігі ҚР ӘҚБтК 593-бабы (Қауіпсіздік белбеуін пайдалану талаптарын сақтамау) және ҚР ӘҚБтК 440-бабы (Қоғамдық орындарда ішімдік өнімдерін ішу) бойынша құқық бұзушылыққа жол берген. Заңнаманың осы баптары бойынша үш күн ішінде 19 азамат ұсталды: 13 – қауіпсіздік белбеуін пайдалану талаптарын сақтамау, алты – қоғамдық орындарда ішімдік өнімдерін ішу.

Полицейлермен ҚР ӘҚБтК 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша кәмелетке толмағанның бір заңды өкілі, ҚР ӘҚБтК 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) бойынша екі заңды өкіл жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, жедел-профилакткиалық шара кезінде отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін  полиция қызметкерлері төрт жанжал шығарған тұрғынды ұстады (ҚР ӘҚБтК 73-бабы).

Тыныштық бұзғаны үшін ауданның екі тұрғынына ҚР ӘҚБтК 437-бабы, тағы екі тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру