Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеміс-жидектің ақшасын алып қашып кеткен

Павлодар облысында азық-түлік сататын фирмалардың бірінің экспедиторы жеміс-жидектің ақшасын алып, зым-зия жоғалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полицейлеріне жеке фирмалардың бірінің директоры жүгінді.

Тексеру барысында аталған фирманың экспедиторларының біреуінің таңертең қоймадан көкөністер мен жемістерді тиеп алып, оларды сауда орындарына апарып, түскен соманы  алып, белгісіз бағытта жоғалып кеткені анықталды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. 

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың 30 фактісі тіркелген.

Полицейлер тұрғындарға өз мүлкіне мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру