Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіл ақшаның ауыр азабы

Студенттер Семейдегі түзеу мекемесіне барды. Онда есірткі қылмысы үшін сотталғандар өздерінің қателіктерінің ащы салдары туралы айтып береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде облыстық ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемесінде студенттер еркіндікке тек өткен шақ ретінде қарап, қатаң тәртіппен қоршалған әлемде армандардың өкінішке айналатындығын көрді. Мұнда есірткі тарату үшін сотталған адамдар өз қателіктерімен бөлісіп, жылдам табысқа ұмтылудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.

Абай облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері шындықты көрсетуге назар аударды. Бұл жерде статистика мен дәрістер емес, адамның жүрегінен шыққан сөздер айтылды — олар өздері жасаған қателіктердің салдарынан өкінішке толы өмір сүріп жатқанын айтып берді.

– Мектеп пен колледжді қызыл аттестатпен бітіргенмін. Бірақ бәрі артта қалды. Не істеймін, бұл құжаттар маған не береді? Ең ауыр нәрсе — анамның сотта көз жасын төккені. Мен 10 жылға сотталдым, менде тек анам ғана бар, бірақ енді оны тек тордың ар жағынан көретін болдым. Неге мен осындай қадамға бардым?, — деп өкінді сотталғандардың бірі.

Студенттер мұнда ойдан құралған оқиғаларды емес, бір ғана қате қадамның өмірді түбегейлі өзгерте алатын шынайы жағдайды естіп білді.

– Бұл адамдар өз өмірлеріндегі қиын сәттерді басынан өткізіп, еркіндігін, болашағын және жақындарының сенімін жоғалтты. Олар өздері секілді сіздердің де от басқандарыңыз қаламайды, – деді Абай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Гаухар Еспаева.

Бір ғана қате қадам — өмірді күйретеді. Полиция қызметкерлері осындай кездесулердің жол айрығында тұрған адамдар үшін өмірді құтқаратын шамшырақ бола алатынына сенімді. Еркіндік — бұл тек құқық емес, өте қымбат бағалы сый, оны бір сәттік қанағат үшін құрбан етуге болмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру