Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіс рухы: ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында патриоттық сағат ұйымдастырылды

Ленинград қоршауының алынғанына 81 жыл толған күні ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында "Қоршауда сынбаған қала" атты патриоттық сағат өтті. Іс-шараны академияның ардагерлер кеңесі мен Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлер одағы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуде халықтың жадында мәңгі сақталатын ерлік пен табандылық үлгілерітуралы айтылды. Қоршаудағы Ленинград тұрғындарының қайғылы оқиғалары мен батырлық күресі туралы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Раушан Әлжанова баяндады.

Шараға қоршаудағы Ленинград қаласының тұрғыны Ирина Седельникованың сөзі ерекше көңіл-күй сыйлады. Оның сол қорқынышты жылдардағы естеліктері блокададан аман қалған адамдардың төзімділігіне деген ықыласын тудырды.

- Өткен жылы маған Ленинград облысында кеңес сарбаздарының сүйектерін қайта жерлеу рәсіміне қатысу мүмкіндігі бұйырды. Бұл бізге жеңістің қандай бағамен берілгенін еске салады. Ұрпақтар байланысы мен ата-бабаларымыздың ерлігі туралы естелік тарихты құрметтеп, оны келесі ұрпаққа дәріптейді, - деп атап өтті Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Шамиль Шәкіров.

Шараны ұйымдастырушыларға Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстан Халықтық партиясы филиалы төрағасының орынбасары Болат Қожахметов шынайы алғысын білдірді. Ол қоршаудағы Ленинград батырларының ерлігі өскелең ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталатынын және тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Патриоттық сағат қаза болғандарды еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен және ұйымдастырушыларға тарихи жадын сақтағаны үшін алғыс сөздерімен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру