Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясы: ұландықтар елордалық тұрғындарды тәнті етті

Елордадағы “Хан Шатыр” ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің әсерлі көрсетілімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясы аясында ұландықтар өнерімен көрермендердің жүрегін жаулап алды.

Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің, сондай-ақ үлгілі-көрсетімді оркестрінің өнер көрсетуі көпшіліктің назарын аударды. Олар әскери және патриоттық композицияларды орындап, көрермендердің көңілінен шықты.

Одан соң Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері саптық дефиле орындап, қимыл үйлесімділігімен таң қалдырды.

Бұл көрсетілім - Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған Ұлттық ұланның флешмобтар сериясының жалғасы болды. Әскери қызметшілер саптық дайындықты, қаруды меңгеру шеберлігін және жекпе-жек тәсілдерін паш етіп, өз кәсібилігін тағы бір растады.

– Біздің мақсатымыз - -бабаларымыздың сол кездегі өшпес рухын өскелең ұрпаққа көрсету. Себебі жастар батырларымыздың жеңіске қандай қиындықпен және ерлікпен жеткенін білуі керек. Жеңісті тек қана тарихи оқиға ретінде қарамай, оны дәріптеп, келешек ұрпаққа насихаттау керек, - деп атап өтті елордалық бригада командирінің орынбасары Тимур Рахимов.

Айта кетейік, бұл флешмоб мерекелік іс-шаралар шеңберіндегі кезекті жарқын оқиғаға айналды. Ол тарих пен дәстүрлердің өскелең ұрпақтың жүрегінде екенін айқын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру