Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жер алып беремін": алаяққа сенген атыраулық​ 5 млн теңгесінен айырылды ​

Алаяққа сенген атыраулық әйел​ 5 млн теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 желтоқсан​ күні ​Атырау қаласы Полиция басқармасының "102" нөміріне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам жер алып беремін деп 5 млн теңге ақшасын алаяқтық жолмен қалтаға басқанын айтқан.

- Осы жайттан кейін ПД Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті ретінде Атырау ​қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі таңда аталған дерек​ бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру