“Жер телімін алып беремін”: шымкенттік тұрғын 4,2 млн теңгесінен айырылды
Шымкенттік тұрғын 4,2 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға “Бозарық елдімекенінен 4 жер телімін алып беремін» деп әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 4,2 миллион теңгесін алған. Алайда арада уақыт өтсе де не жерін, не ақшасын кері қайтарып ала алмаған.
Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркеді.
Жедел-тергеу тобы арызданушы әйелдің жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматтың жеке басын анықтап, оны АПБ-не жеткізді.
Тергеу кезінде күдікті алаяқтық жолымен тұрғынның ақшасын алғанын мойындады. Заңсыз әрекет жасау үшін алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.