Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер учаскесін рәсімдеп беремін”: бейтаныс ер адамға сенген ақтөбелік ақшасынан айырылды

Бейтаныс ер адамға сенген ақтөбелік ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейтаныс ер адам 56 жастағы жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, оның 18 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген. Ақшаны ала отырып, ол жер учаскесін рәсімдеуге көмектесуге уәде берді.

Жәбірленуші алданғандығын түсінген соң, дереу полицияға жүгінді. Жүргізілген іздестіру шаралары барысында Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлік тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласыңыз немесе “102” телефонына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру