Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жергілікті тұрғын алғыс білдірді

Павлодар қаласының тұрғыны Зейнел-Жамал Идиятуллина полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдің айтуынша, белгісіз адам алдау жолымен оның 200 000 теңге ақшасын заңсыз иемденген. Алаяқтардың қолына түскенін түсінген зейнеткер бірден полицияға қоңырау шалған.

– Орталық полиция бөлімінің бастығы Асқаров Әсет Асқарұлына алғыс білдіргім келеді, сондай-ақ тергеушілер Азамат Амангелдинов пен Гүлдана Жұмабековаға кәсіби шеберлігі, адамдарға сыпайы қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын. Олардың жұмысының арқасында менің мәселем тез шешілді. Сіздерге денсаулық, жақсылық, сәттілік тілеймін! Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес, әрі құрметке лайық, – дейді Зейнел-Жамал Қаратайқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру