Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жергілікті тұрғын мектепке ұрлыққа түсті

Түркістан облысының полицейлері мектептен компьютер ұрлаған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не аудандардағы мектептердің бірінің директоры, жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша белгісіз біреу мектепке есіктерін бұзып, терезесін сындыру арқылы кіріп, үш күн ішінде екі рет ұрлыққа түсіп, екі дана компьютерді ұрлап кеткенін жеткізді. Бірінші рет ұрлық болғанда ұрыны өздіктерінен іздеп полицейлерге хабарламағанын, содан үш күн өткеннен кейін тағы да ұрлық орын алған соң барып, шағымданып отырғандарын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 250 000-ға жуық теңгені құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер жақын аймақтарды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде мектепке тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басын “ізін суытпай” 4-5 сағат ішінде анықтады. Ол жергілікті тұрғын, жігіт болып шықты.

Тергеу барысында күдікті жігіт мектептің есіктерінің құлпын бұзып, бірнеше терезелерін сындырып, информатика кабинетіне кіру арқылы ұрлаған екі дана компьютерді үйіне апарып, өзі қолданып жүргені белгілі болды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру