Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жергілікті тұрғынның жарылғыш заттарды сатып тұрғандығы анықталды

Түркістан облысының полицейлері «Пиротехника» іс-шарасын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табуда. Негізгі мақсат – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сату, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сондай-ақ сәйкестілік сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді сатушыларды анықтау мен оларды жауапкершілікке тарту болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар Түлкібас ауданында да ұйымдастырылды.

Шара барысында полиция қызметкерлері табанды еңбек етіп, ел амандығы үшін күндіз-түні қызмет атқаруда. Нәтижесінде Түлкібас ауданының еркін сауда жасауға арналған аумағында, жергілікті тұрғынның жарылғыш заттарды сатып тұрғандығы анықталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 196-бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша хаттама толтырды.

Қазіргі таңда өтіп жатқан іс-шара АПБ-нің басшылығы тарапынан қатаң бақылауға алынып, ҚР-ның заңнамасымен тыйым салынған заттар сатылымға шықпауы қадағаланып, тиісті жұмыстар жалғасуда.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындар назарына, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндет екенін ескертеді. Себебі от шашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру