Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай ауданының полиция басшысы тұрғындармен тілдесті

Жетісай ауданының полиция басшысы тұрғындармен тілдесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермахан Абдраманов карантинге байланысты онлайн режимде халықпен кездесу өткізді. Кездесуде полиция басшысы 2020 жылдың 12 айын қорытындылап, халық алдында онлайн режимде есеп берді. Есеп беруге аудан әкімі, полиция бөлімшелерінің басшылары карантин талаптарын сақтай отырып қатысса, аудан тұрғындары мен ақсақалдар алқасы онлайн арқылы жүздесті. Жыл бойына аудан полицейлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде тіркелген қылмыстардың айтарлықтай азайғаны байқалады. Мәселен қоғамның талқысына түсіп жүрген бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 69,7%-ға, ал пәтер ұрлығы қылмысы 79,8%-ға кеміген.

Сонымен қатар тұрғындарға карантинге байланысты ескертпе қағаздар тарату, әлеуметтік желілерде жарияланымдар жасау, сауда және ойын-сауық, адамдар көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жол апаттарының алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Рейд барысында автокөлікті спирттік ішімдік ішіп алып басқарған 103 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ аудандағы орналастырылған бейнебақылау камераларының арқасында 2000-нан астам құқықбұзушылық анықталып, қосымша тағы да 18 «Сергек» ауданның маңызды көшелеріне орнатылды. 

Жетісай АПБ-ның бастығы Ермахан Абдраманов: – Полицияның халықтың қорғаушысы мен қолдаушысы болуы үшін оларды әрдайым бағыттап, игі істерге жұмылдырып отыру әрбір басшының міндеті болмақ. Сол себепті жетісайлық сақшылар қай мезгіл, қандай уақыт болса да сіздер үшін қызмет көрсетуге әрдайым дайын!, – деп қорытындылады өз сөзін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру