Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері өзгенің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Жетісай полицейлері өзгенің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу үйінің бөлмесінің терезесін күшпен ашып кіріп, қонақ бөлмеде тұрған Samsung теледидарын ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын – 300 мың теңге.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Ақпарат алысымен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде “ізін суытпай” бұрын сотты болған, жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, күдікті ер адам түнгі уақытта терезені сындырып, үйге заңсыз кіріп, жасырын түрде теледидарды алып шыққан. Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру