Жетісай полицейлері сервистік полиция моделін енгізу бойынша іс-шаралар атқаруда
Түркістан облысының полицейлері сервистік полиция моделін енгізу бойынша іс-шаралар атқарып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Полиция халыққа қолжетімді болуы керек” деген болатын. Ал Жетісай АПБ полицейлері осы бағыттағы жұмыстарды одан ары жандандыруда.
Тәртіп сақшылары аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқыққа қарсы іс-әрекеттер мен қылмыстардың алдын алуға қызмет етуде. Бірінші кезекте орын алған қылмысты ашу емес, керісінше қылмыстардың алдын алудағы профилактикалық іс-шараларды атқаруға учаскелік полиция инспекторлары жұмысына басымдық берілуде. Аталған полицейлер өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жетісай АПБ бастығы Ермахан Абдраманов қашанда полиция – тұрғындардың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтауда қыруар шараларды атқару қажет дейді. Осыған орай жеке құрамға бірқатар тапсырмалар беріп, өзінің жеке бақылауына алған.