Жетісай полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады
Жетісай полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол өз арызында тұрғын үйіне бөгде адамның терезе арқылы кіріп, бөлме ішінде тұрған «DAUSHER» газ плиткасын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Аталған жайт ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды. Арыз бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, сол төңіректі мұқият тексеріп, куәлардан жауап алды.
Полицейлердің тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс құжаттар Жетісай аудандық сотына жолданды.