Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда әйел сейфтен ақша ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері кезекті ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып, өзінің жұмыс орнындағы кабинетіне белгісіз біреулер кіріп, сейфте тұрған 130 мың теңгесін жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 130 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу мақсатында бірден іске кірісті. Жақын аймақты бір шолып шығып, бейнекамераларды тексереді. Сондай-ақ күдікті ретінде танылған азаматтардан түсінік алды. Нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар жас әйел анықталып бөлімшеге жеткізілді.

Тергеу барысында күдікті әйелдің жәбірленушімен бірге жұмыс жасайтыны анықталды. Сонымен қатар күдікті еден жумақ болып жәбірленушінің кәбинетіне кіріп өз арамы ойын жүзеге асырған. Бүгінгі таңда күдікті азаматша өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болу және өз мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, ұрлықты болдырмау үшін өзінің шаруашылық аулаларын және үйлерін кіреберістердегі сенімді қоршаумен және құлыптармен нығайту қажет. Қандай да бір мүлік ұрланған немесе жоғалған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияға хабарлау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру