Жетісайда ер адам мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған
Жетісайда ер адам мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер аудандағы мешіттердің бірінің садақа жәшігінен 50 мың теңге ақшаны жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, ұрыны іздеуге кірісті.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, мешіт пен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктіні көрші ауылдан анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті ер азамат болып шықты.
Қазіргі уақытта күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.