Жетісайда мас азамат зейнеткердің алтын сырғасын күштеп тартып алған
Жетісайлық зейнеткерден ұлының досы алтын сырғасын күштеп тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті зейнеткер арыз қалдырған. Оның айтуынша, кешкі уақытта үйінде қонақта болған ұлының досы күш көрсетіп, құлағындағы алтын сырғасын шешіп алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келген.
Аталған факті бойынша күдікті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша тіркеуге алынды.
Полицейлер осы қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобын құрған. Іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, полицияға жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жәбірленушінің ұлымен бірге үйінде ішімдік ішкен. Кенеттен ол есік алдында келе жатқан қарт әжейге күш қолданып, құлағынан сырғасын жұлып алып, ұрлап кеткен.
Тәртіп сақшылары қолды болған алтын сырғаны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Бүгінде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр