Жетісайда қыз сатушыны алдап кетті
Түркістан облысының полицейлері сатушының телефонын алдап алған қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға базарда сауда жасаумен айналысатын ер адам алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсіреді. Оның айтуынша, күндізгі уақытта базарда отырғанында жанына таныс емес қыз келіп, телефонын сөйлесіп алуға сұраған. Ойында ештеңе жоқ сатушы, сеніп телефонды берген. Арадан біршама минут өткенде сатушы телефонды да, оны сұрап алған қызды да таппай қалған. Осылайша алаяққа алданғанын білген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 55 мың теңге. Аталған жайт ҚР ҚКнің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.
Тапа-тал түсте алдап, тұрғынның телефонын иемденіп кеткен күдіктіні ұстау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру шараларын атқарды. Оқиға орнына тез арада жетіп, жақын аймақтарды қарап шықты. Асқан жауапкершілікпен атқарылған жұмыс соңында кінәлі қыз Жетісай қаласы көшелерінің бірінен ұсталды. Оның қалтасынан жәбірленушінің ұялы телефоны айғақты зат ретінде табылып, тәркіленіп алынды. Күдіктінің бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары іске асырылуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.