Жетісайда тұрғын 200 адамға көкпар ұйымдастырған
Түркістан облысында карантин кезінде 200-ге жуық адамның басын қосып көкпар ұйымдастырған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде белгісіз адамдардың көкпар ұйымдастырғаны туралы таралған бейнежазбаны назарға алды. Болған жайтты бірден тексеруге кіріскен тәртіп сақшылары көкпардың Жетісай ауданы Жамбыл ауылында орын алғанын анықтады. Яғни ауыл тұрғыны егістік алқапта карантин талаптарын бұзып, 200-ге жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырған. Бүгінде іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша құжаттар жинақталып, шара көрілу үшін СЭС-ке жолданды. Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбау керектігін еске салады. Базарларға, дүкендерге және адамдар көп жиналатын басқа да жерлерге барғанда, қоғамдық көліктерге мінгенде медициналық бетперде киіп, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Той жиын, көкпар немесе басқа да адамдардың саулығына зиян келтіретін іс-шараларды ұйымдастырмауға шақырады.
ТО ПД-ны Түркістан облысында карантин кезінде 200-ге жуық адамның басын қосып көкпар ұйымдастырған адам анықталды.