Жетісайлық полицейлер марапатталды
Полиция күні қарсаңында жетісайлық полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке қарсаңында Жетісай АПБ-нің мәжіліс залында карантин талаптары қатаң сақтала отырып, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері мен Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбектің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Әкімдіктен келген қонақтар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші Ішкі істер органдары ардагерлері мен Жетісай АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген ІІО ардагерлері мен полиция қызметкерлерін Жетісай ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Бұдан бөлек іс-шара барысында, 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні кәсіби мерекесіне арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында шараға жиналғандар Жетісай АПБ-нің саптық алаңында орналасқан Монумент-стеллаға барып, ІІО-да қызмет атқарып жұмыс барысында және мезгілсіз қайтыс болған қызметкерлерге арнайы гүл шоқтарын қойып, еске алды.
Өз кезегінде біз де, барлық қазақстандық полицейлерді мерекелерімен құттықтаймыз! Жұмыстарына сәттілік тілейміз!