Жетісайлық полицейлер үйінде бір келі есірткі жасырған тұрғынды анықтады
Жетісайлық полицейлер үйінде бір келі есірткі жасырған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлері хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің ауласында орналасқан қойма ішінен жасыл пакетке салынған есірткіге ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі «кептірілген марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын алдағы уақытта анықтайды.