Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық полицейлер жаңбырдан жапа шеккен тұрғындарға көмектесуде

Жетісайлық полицейлер жаңбырдан жапа шеккен тұрғындарға көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғаттың тосын мінез танытып, жаңбырдың толассыз жауына байланысты Жетісай АПБ-нің қызметкерлері су басқан ауылдар мен басу қауіпі басым аймақтарда тәулік бойы тұрғындарға көмектесіп, арнайы кезекшілік ұйымдастыруда.

Атап айтсақ, Ынтымақ, Жылысу, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтерінде судан тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға ауа райы болжамына құлақ асып, сақтық шараларын сақтап, ұзақ жолға шықпауды ескертеді. Сондай-ақ, тұрғындарға көшелерді су басуына байланысты «Жедел Желі» іске қосылғанын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру