Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық жүргізуші 3 бірдей хаттама бойынша жауапқа тартылды

Жетісайда жүргізуші үш бірдей хаттама бойынша жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД қызметкерлері Instagram парақшасының бірінен BMW көлігінің жолда екі жолақты ақ сызықты басып, қарама-қарсы бағытқа өтіп, ҚР Жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны туралы жарияланған бейнежазбаны анықтады.Аталған бейнежазбадағы оқиғаның қайда орын алғаны, жүргізуші кім екенін анықтау мақсатында полицейлер жедел әрекет етті. Жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, оқиға Жетісай қаласында болғаны белгілі болды. Көлікті басқарған жүгенсіз жүргізуші жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Жүргізуші жол ережесін бұзып, заңсыздыққа жол бергені үшін үш бірдей баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу), 630-бабы 1-бөлігі (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) және 606-бабы 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру