Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облыстық ПД бастығы спортшы полицейлермен кездесті

Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов спортта жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың бас полицейі Шымкент қаласында өткен “Asin Regional Championship – 2024” беделді джиу-джитсу турнирінде бірінші орын алған Шахноза Тәжиеваны ерекше атап өтті. Сондай-ақ Жетісу облыстық полиция департаментінің намысын қорғап, спорттық жарыстарда үздік өнер көрсеткен Қуандық Есенеев пен Дәурен Ауданбаевға алғысын білдірді.

Ұлттық деңгейде қоян-қолтық ұрыстан жоғары шеберлігін көрсеткен Айым Кенжебекова да ерекшеленді. Тараз қаласында өткен жарыста Айым қоян-қолтық ұрысы бойынша 52+ келі салмақ дәрежесінде құрметті үшінші орын алды.

Полиция қызметкерлерінің мұндай жетістіктері олардың кәсібилігін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар департамент қатарында спорт аренасында да, қызметте де ар-намыс пен абырой үшін нағыз жауынгерлер қызмет ететінін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру