Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД басшылығы ерлікпен қаза тапқан полицейдің отбасын мерекемен құттықтады

Жетісу облысы ПД басшылығы ерлікпен қаза тапқан полицейдің отбасын келе жатқан мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды Рolisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы Мадияр Омаровтың жетекшілігімен кадр қызметі мен ЖҚАЖ  қызметкерлері батыр Ержан Ахметовтің жұбайы Баян Абылханқызын құттықтап барды.

Бұл сапар тек жақындап келе жатқан мерекемен құттықтау ғана емес, қызметі мен Отанына өмірін арнаған адамның отбасына деген терең құрметтің, алғыстың және қолдаудың белгісі болды. Батыр туралы естелік жай ғана сөздер емес, әріптестерінің, достарының және оны адал, ержүрек әрі қызметке берілген офицер ретінде танитын барша жанның жүрегінде сақтаулы.

Баян Абылханқызына нағыз патриот пен елінің лайықты ұлын тәрбиелегені үшін алғыс білдірді. Оның ұлы Азамат Боранбаев бүгінде Жетісу облысы полиция департаментінің мақтанышы. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қызметкерлер арасындағы іріктеуден өтіп, ол құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама аясында Қытай университетінде криминалдық полицияның магистратурасында білім алуға жіберілді.

Бұл — тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар отбасылық тәрбиенің, адамгершілік құндылықтардың және ата-анадан берілген қызметке адалдық үлгісінің жемісі.

Кездесу барысында Мадияр Омаров Баян Абылханқызын келе жатқан мерекемен  құттықтап, патриот ұл тәрбиелегені үшін және осы отбасының ел қауіпсіздігі мен болашағына қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру