Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД-да сараптамаларды тағайындау және жүргізу мәселелері бойынша семинар өтті

Жетісу облысының полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу шеңберінде сараптамаларды тағайындау және жүргізу мәселелері бойынша семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Чарапиевтің төрағалығымен бейнеконференция форматында семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Жетісу облысының сот сараптамалары зертханасының, прокуратура мен әскери-тергеу басқармасының өкілдері қатысты.

Талқылаудың басты тақырыбы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде сараптамаларды тағайындау және жүргізу мәселелері болды. Қатысушылар сараптамалардың сапасын жақсартудың, сондай-ақ олардың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сотқа дейінгі электрондық тергеу шеңберінде «Е-сараптама» жүйесі арқылы сараптамаларды тағайындау рәсімін талқылауға ерекше назар аударылды.

Кеңес сындарлы диалог атмосферасында өтті. Барлық қатысушылар одан әрі өзара іс-қимыл мен үйлестіруге дайын екендіктерін білдірді. Іс-шара қорытындысы бойынша сараптама жүргізу процестерін оңтайландыруға және мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған шешімдер әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру