Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД күзет қызметін бақылау тобы ашық есік күнін өткізді

Жетісу облысы ПД күзет қызметін бақылау тобы ашық есік күнін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы "Жастар" саябағында Жетісу облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау тобы "Ашық есік күні" іс-шарасын өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Заң мен Тәртіп" айлығын өткізу жөніндегі жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін тұрғындарға кеңінен түсіндіру, күзет ұйымдары мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және күзетілетін нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды хабардар ету болды.

Кездесуге келген жеке және заңды тұлғалар, кәсіпкерлер мен ұйым өкілдері күзет қызметіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға күзет қызметін лицензиялау, нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары, сондай-ақ осы салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңінен түсіндірді.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы сенімді арттыруға, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты көтеруге зор ықпал ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру