Жетісу облысы ПД қызметкерлері студенттермен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ашық диалог өткізді
Жетісу облысы ПД қызметкерлері студенттермен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ашық диалог өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шарасы аясында студенттермен тікелей диалогты Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайсар Мұхметов жүргізді. Жетісу университетінің 1-4 курс студенттерімен ашық диалог өтті, оларға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі. Студенттерге осы жылдың 1 шілдесінен бастап құқық бұзушының отбасылық жанжал үшін жауапкершілігі күшейтілгенін және тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу өтініш берушіден анықтауыш сипатына ауысқанын еске салды.
– Жауапкершілікті күшейтіп, тіркеу сипатын өзгерткен сәттен бастап әкімшілік қамауға алынғандар саны артты. Мысалы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша хаттама жасау үшін оқиға орнын тексеру, жәбірленушіден түсініктеме, куәгерлердің, көршілердің айғақтарын алу, бейнебақылау камераларынан немесе бейнетіркегіштен жазбалар алу хаттамасы жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды, – деп атап өтті облыс ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.
Тәртіп сақшылары зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін қалай әрекет ету қажеттілігін айтып, студенттердің пікірлерін тыңдады. Атап айтқанда, жастар тақырыпты талқылауда белсенділік танытты.