Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы полиция департаментінде ашық есік күні өтті

Жетісу облысы полиция департаментінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға мектеп оқушылары мен осы салаға қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты. Қонақтар алдымен департаменттің музейін аралап, ішкі істер органдарының тарихымен және қызметтік жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар Жедел басқару орталығының жұмысын бақылап, ондағы заманауи технологиялардың қолданылу барысын көрді.

Іс-шара аясында полиция қызметінің түрлі бағыттары ұсынылды. Қатысушылар криминалистика, кинология, арнайы мақсаттағы "Арлан" жасағы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ – ЖҚАЖ қызметкерлері мен басқа да сала мамандарының жұмысымен танысты. Қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Ашық есік күнінің басты мақсаты – балалар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ полиция қызметіне деген құрмет пен сенімді қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру