Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы жұмыс сапарымен аудандық полиция бөліміне барды

Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы жұмыс сапарымен аудандық полиция бөліміне барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Қуат Оспанов Алакөл аудандық полиция бөліміне жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – бөлімшенің қызметін жан-жақты тексеру, сондай-ақ жеке құрамның қызметтік және кәсіби даярлық деңгейін бағалау болды.

Сапар барысында департамент басшысының орынбасары саптық тексеріс өткізіп, қызметкерлермен әңгімелесті және қызметтік жұмыстың ұйымдастырылуымен егжей-тегжейлі танысты. Құқық бұзушылықтардың алдын алу кабинеті жұмысына ерекше назар аударылып, халық арасында қылмыстарды азайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы шаралар қарастырылды.

Бағдарламаның жеке бір тармағы ретінде аудандық полиция бөлімінің тирі тексерілді. Қуат Оспанов атап өткендей, дене дайындығы мен табельдік қаруды сенімді меңгеру – әрбір қызметкердің жеке қауіпсіздігінің ажырамас негізі әрі кәсіби даярлықтың маңызды элементі.

- Әрбір полиция қызметкері қоғам алдындағы жауапкершілігін айқын сезінуі тиіс. “Заң және тәртіп” қағидаты – формалдылық емес, ол біздің күнделікті қызметіміздің және азаматтардың сенімінің негізі, – деді Қуат Оспанов жеке құраммен кездесу барысында.

Сапар қорытындысы бойынша департамент басшылығы профилактикалық жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және заңдылықты қатаң сақтауға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Мұндай тексерістер жүйелі түрде өткізіліп, жергілікті жерлердегі бөлімшелердің қазіргі жағдайын объективті бағалауға, проблемалық мәселелерді уақтылы анықтап, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру