Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында тұрғынның үйінен есірткі сақталған орын табылды

Жетісу облысында тұрғынның үйінен есірткі сақталған орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 50 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады, оның жеке тұрғын үйінен 30-ға жуық марихуана сақталған жасырын орын табылды.

– Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3 келі 568 граммды құрады. Үйдің әр бөлігінде, яғни аулада, бақшада, сыртқы қоршауда және басқа жерлерде марихуана жасырылған орындар табылды. Ер адамның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды, – дейді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша жүргізіліп жатыр.

Ұсталған ер адам, оның денсаулық жағдайы ескеріле отырып, медициналық диспансерге орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру