Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицей әйелдер атыс даярлығынан сайысқа қатысты

"Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығы мен Халықаралық әйелдер күніне орай әйел полицейлер атыс даярлығынан сайысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл турнир қатысушылардың жоғары дайындығын көрсетіп қана қоймай, құқық қорғау органдарындағы әйелдердің күшін және кәсібилігін айқындаған ерекше шара болды.

Сайыс тартысты өтті. Әрбір қатысушы өз шеберлігін көрсетіп, мергендігімен, күш-жігерімен және төзімділігімен ерекшеленуге тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жұлдыз Шомпиева, екінші орынды Айым Кенжебекова, ал үшінші орынды Жайнагүл Кульбаева иеленді.

Бұл сайыс шенді арулардың – тек сұлулық пен әсемдік иелері ғана емес, сонымен қатар қайсарлықтың, кәсібиліктің және кез келген сын-қатерге төтеп бере алатын мықтылықтың жарқын үлгісі екенін тағы бір дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру