Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда әскери қызметкерлер арасында есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын күшейту бойынша іс-шара өтті

Жетісу облысында әскери қызметкерлер арасында есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын күшейту бойынша іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі А. Қожахметова Жетісу гарнизонының әскери полиция бөлімінің профилактикалық бөлімше бастығы Н. Зейтиновпен бірлесе Қарабұлақ кентінде орналасқан әскери бөлімде кездесу өткізді. Іс-шара нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұйымдастырылды.

Әскери қызметкерлер арасында есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын күшейту мен қоғамдағы есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған кездесу әскери полицияның үш қызметкері мен әскери бөлім жеке құрамының 70 адамының қатысуымен өтті. Іс-шараға аурухана дәрігері Т. Талдыбаев, нарколог дәрігер К. Сүлейменова және салауатты өмір салтын қалыптастырудың бас маманы Г. Кулиакберова да атсалысты.

Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу мәселелері көтерілді. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара полиция мен әскери полиция арасындағы нашақорлық пен есірткі құқық бұзушылықтарға қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайтудағы, сондай-ақ әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

Осындай тағы бір іс-шара Ескелді және Көксу аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінде өткізілді, оған әскери және азаматтық медициналық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ әскери полиция қызметкерлері мен бөлімнің әскери қызметшілері қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру