Жетісу облысында "Батырларға мәңгілік тағзым" патриоттық акциясы басталды
Жетісу облысында "Батырларға мәңгілік тағзым" патриоттық акциясы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысы батырлары мен қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған "Батырларға мәңгілік тағзым" акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты – қызметкерлер арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу, тарих пен қызметтік борышқа деген құрметті нығайту.
Шара аясында "Мәңгілік алау" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ішкі істер және Ұлттық ұлан ардагерлері, сондай-ақ "Жас сақшы" қозғалысының кадеттері қатысты.
Қатысушылар ерлікпен қаза тапқандардың рухына бір минут үнсіздік арнап, олардың батырлығы мен жанқиярлығына құрмет көрсетті.