Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында биыл 7 мыңнан астам шетелдік елде уақытша тұруға рұқсат алды

Жетісу облысында биыл 7 мыңнан астам шетелдік елде уақытша тұруға рұқсат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон процестерін бақылау мақсатында республикалық және облыстық ауқымдағы үш жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

– 6 ай ішінде 3 382 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 2 024 – Қазақстан Республикасының азаматтары және 1 358 – шетелдіктер, – деп атап өтті ПД КҚҚБ бастығының м.а. Айдар Атимов.

Сондай-ақ сотпен 42 шетелдікті еліміздің аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.

Жыл басынан бері екі қылмыстық іс тіркелді: біреуі ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін шетелдікке қатысты және біреуі заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін еліміздің азаматына қатысты. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру