Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында броконьерлерден 3 тоннадан астам балық тәркіленді

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Жетісу мен Алматы облысының аумағында жүргізілген «Браконьер» республикалық іс-шарасы барысында 110 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Жетісу мен Алматы облысының аумағында «Браконьер» республикалық іс-шара шеңберінде рейд өткізіп жатыр.

Мобильді топтардың құрамына полицейлер, балық инспекциясы және басқа да мүдделі ведомстволардың қызметкерлері кіреді. Рейдтер барысында топтар тікұшақ пен арнайы автокөліктерді пайдаланылды.

– Екі апта ішінде Жетісу облысының аумағында табиғат қорғау заңнамасының саласында 110 құқық бұзушылық анықталды. Тіркелген фактілер бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды, 107 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардан 3 тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 4 атыс қаруы, 1 жүзу құралы және 2 электртүрлендіргіш тәркіленді, – дейді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясында.

Республикалық іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады. Полиция азаматтарды өңірдің табиғи байлығын қорғауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, табиғатты қорғау заңнамасы бойынша заңсыз әрекеттер қылмыстық және әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру