Жетісу облысында бұрын сотты болған тұрғыннан есірткі тәркіленді
Жетісу облысында бұрын сотты болған тұрғыннан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Көксу ауданында 1 қараша күні облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізді. Көксу станциясындағы жеке үйлердің бірінде полицейлер бұрын сотталған 34 жастағы ер адам иелік еткен кезекті есірткі затын анықтап, жойды.
Сот санкциясымен тінту кезінде Таймас атты қызметтік-іздестіру иті жалпы салмағы 2,2 келіден астам марихуана есірткі заты салынған сөмкені, сонымен қатар салмағы 1,4 келі гашишты тапты.
Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысында ұсталған күдіктіге қатысты келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.