Жетісу облысында екі жеңіл көлік соқтығысты: бір адам ажал құшты
Жетісу облысында Toyota Camry және BMW жеңіл автокөліктері соқтығысып қалды. Салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алакөл ауданындағы Алматы – Өскемен тасжолының 562-шақырымында Toyota Camry және BMW автокөліктері соқтығысты. Анықталғандай, Toyota Camry жеңіл көлігін басқарған 46 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі BMW көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында бір адам қайтыс болып, жеті адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, оның ішінде алты жасар бала бар. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.