Жетісу облысында "eQonaq" жүйесі арқылы 28 мыңға жуық шетел азаматы тіркелді
Жетісу облысында "eQonaq" жүйесі арқылы 28 мыңға жуық шетел азаматы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылы Жетісу облысы полициясының жұмысы Жетісу облысы ашықтық, даму және халықаралық ынтымақтастық аймағы болып қала береді. 2025 жылғы қазан айында "eQonaq" жүйесі арқылы өңірде 27 989 шетел азаматы тіркелген, олардың 14 058-і көші-қон қызметі арқылы уақытша тұруға рұқсат алған.
Келушілердің географиясы кең — Өзбекстан мен Қытайдан бастап, АҚШ пен Ұлыбританияға дейін. Ең үлкен көші-қон ағын Өзбекстаннан — 13 554 адам, одан кейінгі орындарда Тәжікстан, Ресей және ҚХР тұр. Өткен жылмен салыстырғанда шетелдіктер саны 43,4%-ға артты, бұл Қазақстанның халықаралық тартымдылығы мен өңірдің туристік әлеуетінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Тұрақтылықты сақтау және көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында облыста жүйелі алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері шетел азаматтарының заңға бағыну мәдениетін арттыруға бағытталған 6 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Жыл басынан бері жауапкершілікке 5 638 азамат тартылды.
3 842 — Қазақстан Республикасының азаматы, 1 796 — шетел азаматы. Сот шешімімен 339 шетелдік елден шығарылды, тексеру нәтижесінде 4 қылмыстық іс тіркелді. Полицияның міндеті тек қадағалау ғана емес. Көші-қон қызметі құжат рәсімдеу, құқықтық мәртебе беру, интеграцияға қолдау көрсету сынды әлеуметтік және мемлекеттік функцияларды да орындайды.
Биыл 91 214 облыс тұрғыны жеке куәлік пен паспорт рәсімдеді, 849 шетелдік Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды, 334 адам азаматтығынан айырылса, 88 тұлға ҚР азаматы деп танылды. Ал 1 380 шетелдік тұрақты тұруға рұқсат алды. Сондай-ақ 21 адам азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін алды
Көші-қон саласындағы көрсеткіштер полицияның мемлекеттік мүддені қорғаудағы және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нақты жұмысын көрсетеді. Шетел азаматтарының келуі жаңа экономикалық әрі мәдени мүмкіндіктер ашады, ал құқық қорғау органдары бұл процестің заң аясында, қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.
