Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ерлікпен қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өткізілді

Жетісу облысында қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан, ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған полицей Ержан Ахметовтің құрметіне самбодан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шара Отан алдындағы антына адал болып, өмірінің соңына дейін қызметтік борышын абыроймен орындаған ержүрек офицердің ерлігін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Турнирге өңірдің түрлі күштік құрылымдарынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Әр қатысушы өз шеберлігін, табандылығын және батыл мінезін көрсетті.

Командалық есеп бойынша Жетісу облысының полиция департаменті командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынАлматы және Жетісу облыстарының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы командасына бұйырды. Ал үшінші орынға №48386 әскери бөлімінің сарбаздары лайық деп танылды.

Ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшысын ұлықтаған турнир — ерлік пен бірліктің, ел қорғаушыларға деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру