Жетісу облысында “Есептегі тұлға” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Жетісу облысында “Есептегі тұлға” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылғы 20-25 қаңтар аралығында Жетісу облысының аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында “Есептегі тұлға” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты – қылмыстық жағдайды тұрақтандыру, ішкі істер органдарының есебінде тұрған тұлғалардың құқық бұзушылыққа жол беруін болдырмау және олардың әлеуметтік қайта бейімделуіне ықпал ету.
Аталған іс-шараға полиция қызметкерлері мен пробация қызметінің өкілдері жұмылдырылды. Талдықорған қалалық полиция басқармасының есебіндегі тұлғаларға тексеру жүргізілді. Оның ішінде:
• Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 77 тұлға,
• Әкімшілік қадағалауда тұрған – 4 тұлға,
• Әкімшілік қадағалауға ресми түсетін – 26 тұлға,
• Пробациялық есепте тұрған – 328 тұлға.
Тексеру барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мұндай кездесулер тұлғалардың қылмысқа қайта бармауы үшін маңызды рөл атқарады.
Іс-шара барысында:
• Пробациялық есепте тұрған 3 адамның түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталды;
• Сот міндеттерін орындамағаны үшін 4 тұлғаға қатысты жаза түрін өзгерту туралы материалдар жиналып, қалалық сотқа жолданды;
• Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 1 адам 2 немесе одан да көп құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен қайтадан түзеу мекемесіне қайтарылды;
• Әкімшілік қадағалауда тұрған 2 тұлға сот белгілеген талаптарды бұзғаны үшін тиісті құжаттар жинақталып, қалалық сотқа жолданды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар құқық қорғау органдарының маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Бұл шаралар тек қана құқық бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар есептегі тұлғаларды қоғамға бейімдеуге және қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.