Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған мемориалдың ашылу салтанаты өтті

Жетісу облысында Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған мемориалдың ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының полиция басқармасында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған мемориалдың салтанатты ашылуы өтті.

Оның ерлігі – шынайы батырлықтың, антына адалдықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Сол қайғылы күні ол қауіпті сәтте тайсалмай, нағыз полиция қызметкеріне тән ер мінез танытты. Борыш пен абырой оның өмірінің басты ұстанымы болды.

Ашылу рәсіміне Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы, қала полиция басқармасының бастығы мен жеке құрамы, ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ "Жас сақшы" полиция сыныптарының оқушылары қатысты.

Болашақ құқық қорғаушылар үшін бұл мемориал – тек естелік белгі ғана емес, сонымен қатар ерлік сабағы, Заң мен тәртіпке адалдықтың айқын үлгісі болды. Шара барысында қатысушылар капитан Байтасовтың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Бұл – оның ерлігін ұмытпай, шексіз алғыс білдірудің және құрмет көрсетудің белгісі. Оның есімі – жүректерде, ерлігі – тарихта мәңгі қалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру