Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті

Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Ескелді ауданында орналасқан жазғы лагерьде интернет-алаяқтықтың алдын алу және балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті.

Кездесуді облыстық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы және “Қос Қанат Жетісу” қоғамдық бірлестігінің өкілдері бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара барысында ақпараттық технологиялар арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Шараға қатысқан балаларға алаяқтық схемаларды қалай тану және интернетте қауіпсіз болу туралы практикалық кеңестер жазылған жадынамалар мен брошюралар таратылды. Сонымен қатар балаларға киберқауіпсіздік тақырыбында интерактивті ойындар ұйымдастырылып, олар күмәнді қоңыраулар, жалған сайттар және басқа да онлайн алдау әрекеттері кезінде қалай әрекет ету керектігін ойын арқылы үйренді.

Белсенді қатысқан балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда, әсіресе кәмелетке толмағандар арасында интернет-алаяқтықтың көбейіп бара жатқанын ескерсек, мұндай шаралар аса маңызды. Киберқауіпсіздікке бағытталған алдын алу жұмыстары өңірдегі өзге де балалар лагерлері мен білім беру мекемелерінде жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру