Жетісу облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілер анықталды
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар үшін қауіп-қатерлерді азайту мақсатында облыс аумағында республикалық "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Негізгі мақсат — жол-көлік оқиғаларын азайту, заңсыз тасымалдаушыларды анықтау және жолаушылар тасымалы саласындағы елеулі құқық бұзушылықтарды тоқтату.
Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 776 құқық бұзушылықты анықтады, олардың көпшілігі азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.
Құқық бұзушылықтардың ішінде:
— 15 факт заңсыз автокөлікті қайта жабдықтау;
— 79 факт міндетті техникалық қараусыз автокөліктерді пайдалану, соның ішінде 5 такси жолаушылар тасымалында ережені бұзған;
— 3 рет қарсы жолаққа шығу;
— 5 факт мас күйде көлік жүргізу.
Сонымен қатар 33 жүргізуші көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені анықталды, олардың 3-і бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған.
— Біздің мақсатымыз — қайғылы оқиғалардың алдын алу және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тасымалдау саласындағы бақылау тұрақты түрде жүргізіледі, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.
